04 сәуір 2023 12:16

Жұманғарин азық-түлік қоры туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік қоры туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік қоры туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кулуарында журналистер Жұманғариннен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде министрлік алдында қандай міндеттер тұрғанын сұрады.

"Мен келгеннен бері алдымда тұрған міндет өзгерген жоқ. Инфляцияның қарқынды өсуін тоқтату керек,бүгінде оны жасадық. Ақыры төмендегенін көрдік, сондықтан бұл тұрғыда Үкімет әлі сәтті жұмыс істеп жатыр, бірақ мақтануға әлі ерте, алда қиын айлар, сәуір, мамыр, маусымның басы", - деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, вице-премьер еліміздегі көкөніс қорына тоқталды.

"Біз 33 мың тонна картоп, 11 мың сәбіз, 7 мың тонна қырыққабат пен пияз дайындадық. Magnum Тәжікстаннан 6 мың тонна пияз сатып алды. Қазір бізден де команда кетіп жатыр, басқа амал жоқ, өз өніміміз болғанша резерв жасау керек", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети