24 маусым 2021 12:56

Жұмыс уақытын заңсыз ұзартқан басшылар жазаланады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Сенат жұмыс беруші жұмыс уақытын заңсыз ұазатрқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат жұмыс беруші жұмыс уақытын заңсыз ұазатрқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу жоспарланған. Заңсыз жұмыс уақытын ұзатрқаны және жұмыс ауысымын өзгерткені үшін жұмыс беруші бірінші ретінде ескерту алады. Қайталанған жағдайда айыппұл салынады. Лауазымды тұлғаларға - 40 АЕК (2021 жылы 116 680 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК (2021 жылы 175 020 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 80 АЕК (2021 жылы 233 360 теңге), ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 120 АЕК (2021 жылы 350 040 теңге).

"Бұл заң қызметкерлердің еңбек құқықтарын заңнамалық қорғауды көздейді және бизнестің мүдделерін қорғау үшін прокуратура және ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

ӘҚБтК-дегі өзгерістер прокурор қаулысын орындамағандарға да қатысты, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының құқығын кеңейтеді. Олар 4 әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл тіркей алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети