31 наурыз 2023 16:51

"Жұмысшылардың халық кеңесі": болжамды сепаратистер видеосынан кейін тінту жүргізіліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

ҰҚК департаменті Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жұмысшылардың халық кеңесі" мүшелерінің Қазақстанды қабылдамау және Қазақ КСР-ге оралу туралы мәлімдемесінен кейін тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК департаменті Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жұмысшылардың халық кеңесі" мүшелерінің Қазақстанды қабылдамау және Қазақ КСР-ге оралу туралы мәлімдемесінен кейін тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті әлеуметтік желілерде "Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі" ("Народный совет трудящихся города Петропавловск") құрылғаны жөніндегі бейнероликті орналастыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша (БАҚ пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау) соталды тергеп-тексеру бастады", - делінген хабарламада.

Осы күні облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылған.

"Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды. Соталды тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде кейбір "белсенділер" Қазақ КСР-нің 1937 жылғы Конституциясы негізінде "Жұмысшылардың халық кеңесі" құрылғанын жариялағаны туралы видеолар мен хабарламалар пайда болды. Сонымен қатар, видеода жиналғандар Қазақстан Республикасын "корпорация" деп атап, түрлі қастандық теорияларын алға тартады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети