19 наурыз 2019 12:54

Жұмысшылардың негізсіз босатылуына жол бермеу керек - Асқар Мамин

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР премьер-министрі Асқар Мамин

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін құруды тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін құруды тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Үкімет отырысында еңбек саласының түйіткілді мәселелері қаралып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек қатынастарын реттеу шаралары туралы ұсыныстарына қолдау білдірілді.
 
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін құру қажеттігін атай отырып, өңірлердің әкімдеріне еңбек ұжымдарында әлеуметтік қақтығыстардың туындауына жол бермеу мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

"Жұмысшылардың негізсіз босатылуына жол бермеу керек", - деді премьер-министр.

Жұмысшылардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту - Елбасы саясатының негізі бағыты. Үкімет әлеуметтік қақтығыстарға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Асқар Мамин кәсіпорындарда жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік мәселелерін дұрыс шешудің мысалдарын келтіріп өтті.   

Көптеген компаниялар Мемлекет басшысының жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек ақысын арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Осыған байланысты, премьер-министр елдің барлық өңірлерінде оң тәжірибені белсене қолға алуды тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне  өз кезегінде, Кәсіподақтар федерациясы мен «Атамекен» палатасының бүгінгі отырыста айтылған ұсыныстарды мұқият қарап, бір ортақ шешімге келу тапсырылды.

"Үшжақты комиссиялардың жұмыс форматын қайта қарау керек, әсіресе өңірлерде. Олар белсенді жұмыс жасаулары қажет. Бұл орайда формализмге жол беруге болмайды", - деді Мамин.

Сонымен қатар, премьер-министр еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңыздылығын атап өтті. Осыған орай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен және кәсіподақтармен бірлесіп бір ай ішінде еңбек қауіпсіздігі бойынша бес жылға арналған кешеді Жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети