Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қылмыс белгілері барын айтып, "СҚ-Фармация" басшылары жай ғана жұмыстан босатылғанына күмән келтірді. Депутат арыз жазуға уәде беріп, оларды Антикор, ҚМА және Бас прокуратураға тапсыруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"СҚ-Фармация" басшылары жұмыстан босатылды... Олар неге қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды? Кем дегенде он қылмыстық іс бар", - деді ол Мәжіліс отырысында.
Депутат отырыс қорытындысы бойынша арыз жазатынын айтып, оны Бас прокуратураға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қаржылық мониторинг агенттіктеріне тапсыруды талап етті.
"Осы пленарлық отырыс қорытындысы бойынша арыз дайындайын. Бұл тұста қылмыстық істер бар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Мәжілісте халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Аудит нәтижелерін Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов баяндады. Ол да Денсаулық сақтау министрлігін сынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!