Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін құжаттарды кез келген ХҚКО-да өткізуге болады

13 Шілде 2017, 15:34
0
Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін құжаттарды кез келген ХҚКО-да өткізуге болады - © gov4c.kz
© gov4c.kz

Астана және Алматы тұрғындары үшін қолжетімді жаңалық. Енді, жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін мамандандырылған ХҚКО-на барудың қажеті жоқ. Олар әдеттегі ХҚКО-да "Жүргізуші куәлігін" ауыстыру үшін құжаттарды өткізе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пилоттық жоба әзірше ХҚКО-ның үш бөлімінде іске қосылды: Астана қаласы, Алматы ауданының №5 бөлімінде, К.Сатпаев к-сі, ВП-25; Алматы қаласы, Жетісу ауданының №1 бөлімінде, Құлагер ш/а Серіков к-сі, 6 және Майлин к-сі, 85 №2 мамандандырылған бөлімінде. Жоба жұмыс істеп тұрған мамандандырылған ХҚКО-на түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ автокөлікті сүйетін жандар жүргізуші куәлігін  қала сыртына шықпай-ақ ауыстыра алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, астаналықтар мен алматылықтар емтихан тапсыруды қажет етпейтін болса, кез келген ХҚКО-да жүргізуші куәлігін ауыстыра алады. Яғни, мерзімі аяқталған куәліктерді ауыстыру, тегін өзгерткенде және жоғалтқан жағдайда берілген уақытша жүргізуші куәлігін тұрақты жүргізуші куәлігіне ауыстыру.

"Жүргізуші куәліктерін ауыстыруға өтініштерді  дүйсенбі мен сенбі аралығында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі асқа үзіліссіз қабылдайды. Дайын құжаттарды - жұмыс кестесіне сәйкес: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз алуға болады", - деп түсіндірді Оспанов.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО жүгінген кезде өзімен бірге келесі құжаттар болуы қажет: жеке басын куәландыратын кұжат; №83 нысаны бойынша медициналық анықтама және оның көшірмесі; төлем төлегендігі туралы түбіртек; тегін ауыстырған жағдайда - оны растайтын құжат; жоғалған жағдайда - уақытша куәлік; кәсіби жүргізушілерге - "С", "D", "D1", "Tm", "Tb" санаттарын қостыру үшін жұмыс орнынан анықтама; шетел азаматтығы бар жүргізушілерге - Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымның жолдамасы.

Естеріңізге сала кетейік, мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет алу, сондай-ақ жүргізуші куәліктерді беру екі сағатқа дейін қысқарды. Қазіргі уақытта МХҚКО-лар Қазақстанның 12 қаласында қызмет көрсетуде: Астана, Алматы, Карағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкентте. Сондай-ақ, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу бойынша қызметтер көрсететін МХҚКО-ның секторлары жұмыс жасайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай