13 наурыз 2017 16:55

Жүргізуші куәлігін "сатып алған" қыз емтиханнан екінші мәрте тапсырған соң ғана өткен - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық ІІД өкілдері әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін "сатып алдым" деп мақтанған алматылық 20 жастағы Айгерім Фазылованың оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осы дерек бойынша, шын мәнінде қызметтік тексеріс басталды. Талғар ауданында тұратын қыздың 2013-2015 жылдар аралығында екі жылдық курстан өткені белгілі. Ол екінші мәрте тапсырғаннан кейін ғана емтиханнан өте алған. Тексеріс қазіргі уақытта жалғасып жатыр, мән-жайы анықталу үстінде", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ал осыған дейін қыздың куәлік сатып алғаны жайлы скриншот әлеуметтік желілерде пайда болған. Кейін ҚР Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері алматылық қыздың мақтанып, "сатып алдым" деген жүргізуші куәлігіне қатысты пікір білдірген. Кейін әкесі Жамбыл Фазылов қызы Айгерімнің шын мәнінде Алматы облысынан жүргізуші куәлігін алғанын растаған еді. 

© Instagram

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети