10 тамыз 2023 16:46

Jusan Bank басқармадағы өзгерістерді жариялады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Jusan PR-қызметінен Фото: Jusan PR-қызметінен

10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Jusan Bank) Акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізді, онда Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, банк басшылығы бекітілді.


10 Тамыз, 2023 (KASE: TSBN): 2023 жылдың 10 тамызында "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Jusan Bank) Акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізді, онда Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, банк басшылығы бекітілді.

Ғалымжан Есенов Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ Директорлар кеңесіне Жарқынбек Азбеков пен лауазымын сақтап қалған Санжар Жамалов тәуелсіз директор ретінде енді.

Jusan Bank Басқармасының құрамына Ирина Мерзлякова (Басқарма Төрағасының М.А.), Асқар Хамидуллин және Ғалия Маханова кіреді. Басқарманың қалған мүшелері уәкілетті органның қажетті келісімін алғаннан кейін тағайындалады.

Сонымен қатар Jusan Bank және акционерлер Ғалымжан Есенов пен Jusan Technologies Ltd (JTL) арасындағы бітімгершілік келісімін мақұлдады. Келісімге сәйкес, JTL активтері Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтарылды. Келісім аясында Қазақстан Республикасы, Jusan Technologies Ltd және Ғ.Есеновке қатысты Қазақстан Республикасындағы, АҚШ пен Ұлыбританиядағы барлық сот процестері тоқтатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети