27 шілде 2021 11:17

Жыл басынан бері карантин талабын бұзғандар 1,5 миллиард теңге айыппұл төлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Жыл басынан бері карантин талабын бұзғандар 1,5 миллиард теңге айыппұл төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 


Жыл басынан бері карантин талабын бұзғандар 1,5 миллиард теңге айыппұл төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

Бүгінде республика аумағында 1860 мобильді мониторингтік топ жұмыс жүргізіп жатыр. Арнайы талдау нәтижесінде маусымдағы мониторингтік топтардың белсенділігі мен жұмыс тиімділігі 32 пайызға төмендеген.

Нысандарды рейдтермен қамту көрсеткіші Түркістан облысында 23,5 мыңға, Алматы облысында 3,7 мыңға, Қарағанды облысында 3,1 мыңға, Атырау облысында 1708 нысанға төмендеген.

Шағын және орта бизнес нысандарының маусымдық белсенділігіне қармасатан Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан Ақтөбе облыстарында карантиндік шектеу талаптарын бұзған объектілерді анықтаудың үлес салмағы кеміген.

Шілдеде, керісінше, мониторингтік топтар жұмысының жоғары тиімділігі Шымкент, Алматы қалаларында және Жамбыл облысында байқалған.

"Сонымен қатар, мониторингтік топтар "Ashyq" жобасына қатысушы 3544 объектіні қамтыған. 482 нысанда тиісті талаптардың орындалмағаны анықталды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 10 маусым мен 24 шілде аралығында 12168 талап бұзушы анықталды, олардың 781-і "қызыл" және 4 887-і "сары" мәртебемен қоғамдық орындарға келген", - делінген хабарламада. 

"Қызыл" мәртебесі бар жеке тұлғаларға жалпы соммасы 10,9 миллион теңгеден аса 258 айыппұл салынды. "Сары" мәртебесі бар жеке тұлғаларға үй карантині шарттарын сақтау туралы талап қойылып, өңірлердің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің 2203 қаулысы шықты.

2021 жылдың 1 қаңтары мен 24 шілдесі аралығында республика бойынша мониторингтік топтар жалпы 132 088 рейд жүргізіп, 758 679 нысанды қамтыды. Шектеу шараларын бұзған 20 158 нысан анықталды.

Шектеу шараларын бұзудың 19026 дерегі бойынша 11 376 бизнес субъектісі және 7650 азамат жауапкершілікке тартылды. Олардан 1,5 миллиард теңгеден аса сомаға айыппұл өндірілді. 91 нысанның қызметі тоқтатылып, 334 материал сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети