07 ақпан 2023 10:53

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері 1,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Жыл басынан бері 1,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 1 539 этникалық қазақтар тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды", - делінген хабарламада.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50 пайыз) Өзбекстаннан, 16,3 пайыз - Қытайдан, 15,9 пайыз - Ресейден, 8,4 пайыз - Түрікменстаннан, 4,5 пайыз - Моңғолиядан және 4,9 пайыз басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27 пайыз), Маңғыстау (16,6 пайыз), Түркістан (7,1 пайыз) және Жамбыл (3,6 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5 пайыз), Алматы (7,6 пайыз) және Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7 пайызды және зейнеткерлер 8,2 пайызды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1 пайыз жоғары білімді, 40,9 пайыз орта кәсіби білімді, 35,2 пайыз жалпы орта білімді және 3,8 пайыз білімі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети