30 шілде 2019 13:48

Жыл басынан бері мал шаруашылығының өнімі 10,5 пайызға ұлғайды - ҚР АШМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тішісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тішісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, 2019 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 962,2 миллиард теңгеден 1063,5 миллиард теңгеге дейін 10,5 пайызға ұлғайды.

Соңғы жылдары мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң өсім байқалады. Сиыр етін өндіру 477 мың тоннаны құрады, бұл ішкі тұтынудың 98 пайызын қамтамасыз етеді. Тиісінше қой еті 150 мың тонна, шошқа еті 86 мың тонна болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті бойынша экспорт көлемі 19,9 мың тоннаны, қой еті 3 мың тоннаны, шошқа еті 400 тоннаны құрады.

"5 жыл ішінде тұтынудың тұрақты өсімі арқасында құс етін өндіру көлемі 40 пайызға артып, 192 мың тоннаны құрады. Бұл ретте құс етін тұтыну да жоғары қарқынмен өсуде. Өнімдік жұмыртқаны экспорттау қарқыны өсуде, сондықтан өткен жылдың қорытындысы бойынша 850 миллион дана жұмыртқа экспортталды", - деді Омаров.

Сүт өндіру көлемі 5,7 миллион тоннаны құрады. Ірі қара малдың саны 7,2 миллион басқа дейін, қой 18,7 миллион басқа дейін, жылқы 2,6 миллион басқа дейін, құс 44,3 миллион басқа дейін өсті.

министрдің айтуынша, агроқұрылымдардағы ауыл шаруашылығы малдары мен құс басының өсуінің оң динамикасы сақталуда.

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы салаларын дамытудың ұзақ мерзімді салалық бағдарламаларын қабылдап іске асыруда.

Етті мал шаруашылығын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы 10 жыл ішінде бордақылау алаңдары және ет комбинаттарымен кооперацияланып жұмыс істейтін етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығында 80 мың отбасылық фермерлік шаруашылықтарды құруды көздейді. Бағдарлама сиыр еті мен қой етінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. 

Сүтті мал шаруашылығының ұзақ мерзімді бағдарламасы сүт өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған. Жалпы алғанда, өнеркәсіптік және отбасылық үлгідегі сүтті-тауарлы фермалардың санын арттыру есебінен қайта өңдеу қуаттылығын тиеу үшін сүт өндіру көлемін 1 миллион тоннаға ұлғайту жоспарлануда.

Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы құс етінің импортын алмастыру үшін жаңа өндірістік қуаттар құруды көздейді. Құс етін өндіру көлемін 3 еседен артық ұлғайту жоспарлануда.

Шошқа шаруашылығын дамыту бағдарламасы Қытай нарығына шошқа етін экспорттауды дамытуға бағытталған. Жалпы шошқа етін өндіру көлемін 2 есеге ұлғайту жоспарлануда.  

"100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында стратегиялық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қайта өңдеу секторына тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы Е. Қарашөкеев 2018 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің 400 миллиард теңгеге дейін АӨК қаржыландыру көлемін айтарлықтай арттырғанын атап өтті. Бұл мал шаруашылығының және жалпы ауыл шаруашылығының тұрақты өсімін қолдауға мүмкіндік берді. 2018 жылы холдинг мал шаруашылығын несиелеуге 114 миллиард теңге бөлді, бұл берілген займдардың жалпы көлемінің 30 пайыз құрайды. Мал шаруашылығы құрылымында ет секторына 96 миллиард теңгеге, сүтке 18 миллиард теңгеге қаражат берілді.

"2019 жылы холдинг мал шаруашылығын дамытуға шамамен 134 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр, бұл ретте қаржыландырудың 60 пайыз холдингтің еншілес компанияларының меншікті және тартылған қаражаттарынан қамтамасыз етіледі", - деді Е. Қарашөкеев.

Сонымен қатар, мәселені қарау барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Қызылорда облысының әкімі Қ. Ысқақов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Тасмағанбетов, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары - Empire Food компаниясының бас директоры А. Джавидан, "Макинск құс фабрикасы" компаниясының вице-президенті Р. Тоқсейітова сөз сөйледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети