27 шілде 2019 11:18

Жыл басынан бері Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

2019 жылы лауазымды тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 


2019 жылы лауазымды тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Үйлестіру кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының және қылмыстық істердің тергелу барысы қаралды.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардан мекемеаралық топ құру туралы шешім қабылданды.

Кеңес мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдердің істері туралы құрылған мобильді топтың жұмысына оң баға беріп, бұл топпен 144 алдын алу жұмыстары жүргізілгені аталды.

Аталған іс-шаралар нәтижесінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген 344 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған, түнгі уақытта заңды өкілісіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген 1983 жасөспірімнің ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылған.

Сондай-ақ, өзгенің мүлкін ұрлау тақырыбына тоқталған Мақсат Аманқұлұлы, бұл санатындағы қылмыстардың 21 пайызға, ал жалпы тіркелген қылмыстардың 19,5 пайызға төмендегенін атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарын профилактикалық жұмыстарды құқық қорғау органдарымен қатар жүргізуге бағыттады.

Мәжіліс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандару бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети