29 қараша 2023 14:08

Жымқыру, алаяқтық, ұрлық. "Қазпошта" филиалдардағы заңсыздықтар туралы мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазпоштада 270 миллион теңгеден аса қаржының ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғам мәліметіне сілтеме жасап.


Қазпоштада 270 миллион теңгеден аса қаржының ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғам мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазпошта" АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.

"Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 000 000 теңге болатын қаржылық заңбұзушылықтар анықталды.

Қазіргі уақытта ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды", - делінген хабарламада.

Заң бұз деректері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу деректері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелген.

"Қазпошта" АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заңбұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети