25 тамыз 2014 16:08

"Қадір тұтқан" лентамыз Ресейдің туына айналуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

* *

Украинаның президенті Петр Порошенко жарлық шығарып, Жоғарғы Рада депутаттарына сепаратистік пиғылдағы өзге елдерден келетін символдарға шектеу қоятын және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді міндеттейтін заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Енді депутаттар Украинаның туы, елтаңбасы және әнұранын ұлықтаудың, қорғаудың барлық мүмкіндіктерін қарастыратын болады. Өйткені, бүгінде «Георгий лентасы Ресейдің туына айналуы мүмкін» деген дақпырт әлемді кезіп кетті. «Алаш айнасы» осы мәселе жайында ой қорытып көрген еді.

Мамандардың айтуынша, Ресей бүкілхалықтық референдум өткізу арқылы бір-ақ күнде мемлекеттік туды өзгерте салуы мүмкін. Қазір оның алғышарттары да жасалып жатыр. Мысалы, жуырда РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Михаил Дегтярев «Говорит Москва» радиосының эфирінде бұл жөнінде өз ойын білдіріп, «мемлекеттік ту ретінде Георгий лентасын пайдаланатын кез жетті» деп мәлімдеді.

Михаил Дегтярев, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты («Говорит Москва» радиосында сөйлеген сөзі):

– Мемлекеттің туын Георгий лентасына, ой, қалай атаушы едік, қара-сарғылт түстегі Гвардиялық лентаға ауыстыруды ұсынамын. Бұл азаматтарымыздың белсенділігін артырады, оларды біріктіреді. Өйткені, бұл барлық кезеңді қамтиды: монархистерді де, кеңестік жүйеде шыңдалғандарды да...

Депутат Михаил Дегтяревтің сөзіне сүйенсек, Ресейге біркелкі идеология қажет. Ол үшін мемлекеттік туды өзгерткен жөн екен-міс.

Шынын айту керек, Ресейдің «колорад қоңызына» ұқсайтын осы лентасы соңғы жылдары 9 мамыр жақындаса бітті, жер әлемді басып қалатын болып жүр. Қазір «колорад қоңызынан» Қазақстанның үлкен қалалары әлі тазаланып болған жоқ.

Әлем саясаткерлері Ресейдің осы біржапырақ лентасын империялық саясаттың жанданып келе жатқанына балайды. Оған бірнеше деректерді мысалға келтіреді. Оның біреуін ғана айталық. Мәселен, Қырымда, кейіннен Украинаның шығысында орын алған саяси шиеленіс кезінде федерализацияны қалайтындар мен Украина тұтастығына қауіп төндірген сепаратистер осы лентаны тұмар еткені белгілі. Неге? Өйткені...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети