-
Басты
-
Біл
-
Жаңалықтар
-
Ел жаңалықтары
Қадыр Мырза Әлиге ескерткіш тақта қойылды
23 қаңтар 2014, 16:40
Орал қаласында ақын атындағы шығармашылық орталық салынуда.
-
Vkontakte
-
Facebook
-
Twitter
-
Одноклассники
-
Telegram
Новостью поделились: человек
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©Айтжан Мырзанов
Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің құрметіне қайраткердің 1971-1993 жылдары тұрған Алматы қаласы Жамбыл көшесі 163-үйге ескерткіш тақта орнатылды деп хабарлайды Tengrinews.kz
Шараға Алматы қаласының әкімі А.Есімов, Астана, Алматы қаласынан зиялы қауым өкілдері, ақынның туған-туыстары қатысты
Бұған дейін қазақтың ұлы ақынына ескерткіш тақта орнатылатыны жөнінде «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, белгілі әнші-сазгер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов хабарлаған болатын.
Сонымен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің арнайы шешімімен ақын дүниеге келген қаңтар айында ескерткіш тақта қою шарасы салтанатты түрде жүзеге асты. Сондай-ақ Орал қаласында ақын атындағы шығармашылық орталық салынуда. Ол да алдағы жылы пайдалануға берілмекші.
Қ.Мырза Әли жетпістен астам поэзиялық, прозалық, әдеби сын кітаптарының авторы, ақынның 200-дей өлеңіне ән жазылған.