25 қыркүйек 2014 18:10

Кафедегі жарылыстан зардап шеккендер ауруханадан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыда кафеде болған жарылыстан зардап шеккендердің бәрі ауруханадан шығарылды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Лейла Кеңесбаева айтты. Еске сала кетейік, кафедегі жарылыс Алматыда 17 қыркүйек күні сағат 21.52-де болған еді. 

"Үш адам ауруханада қалған еді. Бүгінде пациенттердің бәрі шығарылып, үйлеріне жіберілді", - деді ол. Төтенше оқиға кезінде 18 адам зардап шекті. Олардың 10-ы облыстық клиникаларға, екеуі №7 қалалық ауруханаға, екеуі №12 орталық ауруханаға жеткізілген болатын, төртеуіне амбулаториялық көмек көрсетілді.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жарылыс дерегі бойынша тергеуалды тексеріс пен өрт-техникалық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша оқиғаның себеп-салдары анықталады. 

Кафе Мақатаев көшесіндегі "Партнер" бизнес-орталығының бірінші қабатында орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, асханадағы газ баллоны жарылған. Куәгерлердің айтуынша, кафедегі жарылыс жойқын болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети