07 қазан 2015 14:17

Қажылық кезінде егде жастағы бес қазақстандық қайтыс болды - ҚМДБ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Сауд Арабиясында қажылық кезінде егде жастағы бес қазақстандық қайтыс болған, - деп хабарлайды СТВ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының наиб-мүфтиі Серікбай қажы Ораз баспасөз мәслихаты кезінде хабарлады.


Сауд Арабиясында қажылық кезінде егде жастағы бес қазақстандық қайтыс болған, - деп хабарлайды СТВ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының наиб-мүфтиі Серікбай қажы Ораз баспасөз мәслихаты кезінде хабарлады.

Мүфтидің айтуынша, қаза болғандардың барлығы 80 жастан асқандар. Олар өз жағдайларына байланысты қайтыс болған. Айта кетейік, олардың туыстары қаза болғандарды Меккеде жерлеуді ұйғарыпты, себебі мәйіттерді отанына тасымалдауға көп уақыт кетеді.

ҚМБД мәліметінше, 2015 жылы қажылыққа 4,2 мың қазақстандық барған, ал соңғы 20 жылда Қазақстаннан 40 мың адам барыпты.

Еске салайық, Меккеде қажылық кезінде қазақстандық Нұрсұлтан Алпысбаевтың қайтыс болғаны хабарланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жүрек талмасынан 25 қыркүйекте көз жұмған. Туыстарының сөзіне қарағанда, ер адам бұған дейін де Меккеге қажылыққа барған. "Ол адамдар сығылысқан кезде болмаған. Барлық рәсімнен өтіп, үйге ұшып келуі тиіс болатын. Бірақ ол топтан қалып қойып, жоғалып кеткен. (...) Үш күннен кейін ол Меккедегі мәйітханадан табылды. Бізге ол жүрек талмасынан көз жұмған деп хабарланды", - деді туыстары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети