29 мамыр 2023 14:06

Қала күніне орай Ақтөбе әкімі кубогіне арналған республикалық пікірсайыстан турнир өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

27-28 мамыр күндері Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала күніне арналған Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті.


27-28 мамыр күндері Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала күніне арналған Ақтөбе қаласы әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Күн санап өркендеп келе жатқан Ақтөбе қаласын ел жастарына көрсету. Жастардың өз ойын ашық айтып, қоғамда болып жатқан жағдайларға баға беру, көзқарас қалыптастыру. Қала жастары арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, оларды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткен республикалық турнирге университет пен колледж студенттері және мектеп оқушыларынан құралған 60 астам фракция өтініш білдіріп, іріктеуден өткен 32 фракция қала әкімінің кубогын сарапқа салды. Турнирге Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан, Ақмола, Түркістан, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан және Ақтөбе қаласынан фракциялар қатысты.

Турнирдің ашылу рәсімі Мемлекеттік гимнмен басталды. Онда патриоттык әндер айтылды. Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков жастарды қала күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир брейфингпен жалғасты. Брейфингте турнирдің бас төрешісі Исламбек Бітімбай және "Заман біздікі" ИЭО жетекшісі Аманжол Ханиев турнирдің өткізілу форматына тоқталып, қарарлармен таныстырды.

Қала күніне орай Ақтөбе қаласы әкімінің кубогіне арналған Республикалық пікірсайыс турнирінде еліміздің әр өңірінен келген жастар төмендегідей мәселелерді талқылады.

Турнир қарарлары:

1. БП түсік жасатуға рұқсат беру немесе тыйым салу туралы шешімдер тек әйелдер қатысатын
референдумдарда қабылдану керек д.е
2. БП: Google компаниясы суицид жағдайларына байланысты іздеулерді билік органдарына хабарлау керек деп есептейді
3. Қаптағы мысық
4. БП Ақтобе облысында сыртқы туризмді дамытудың механизмін ұсынады
5. БП.ҚР экономикасындағы ипотекалык жүйеге оң баға береді
6. БП Шарын және орта кәсіпкерлікке мораторийді ұзарту қажет д.е
7. БП. Қр-ның Ипотекалык несие жүйесіндегі негізгі проблемасын көрсетеді
8. Қаптағы мысық

Салтанатты марапаттау рәсіміне қатысқан Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков барлық жастарды қала күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Пікірсайыс жүлдегерлерін арнайы алғыс хаттармен және бағала сыйлықтармен марапаттады.

Төрешілердің шешімі бойынша:

  • 1 орын - "Тэо ойында" фракциясы (Есеннов Темірлан, Әлішбаев Мұхаммедәлі)
  • 2 орын - "Мұхаммед Хайдар Дулати" фракциясы (Жумашов Бекзат, Өмірбеков Дархан)
  • 3 орын - "Әлихан Бөкейханов" фракциясы (Бесбаев Ақан, Абжан Темірхан)
  • Үздік спикер - Бесбаев Ақан
  • Үздік төреші - Токмурзаев Асылбек
Материал Ақтөбе қаласы әкімдігімен ұсынылған
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети