22 желтоқсан 2014 19:16

Калачи тұрғындары ауылда төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

Калачи тұрғындары ауылда төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Екі жылдан бері ұйықтап қалудан зардап шегіп отырған Ақмола облысындағы Калачи мен Красногорск елді мекені тұрғындары қолайсыз экологияға байланысты бұл жерлерде төтенше жағдай жарияланғанын қалайды.


Калачи тұрғындары ауылда төтенше жағдай жариялауды талап етіп отыр, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Екі жылдан бері ұйықтап қалудан зардап шегіп отырған Ақмола облысындағы Калачи мен Красногорск елді мекені тұрғындары қолайсыз экологияға байланысты бұл жерлерде төтенше жағдай жарияланғанын қалайды.

"Ауру өршіп барады, оған Калачи мен Красногорск елді мекенінің тұрғындары алаңдаулы. Бұрын біз уран шахталары жабылған соң ауылдың құлдырауына байланысты төтенше жағдай жариялауды сұрап едік, бірақ ештеңеге қол жеткізбедік. Енді біз экологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай жариялауды сұраймыз", - деді бастамашы топтың жетекшісі Виктор Лукьяненко. Айтуынша "ұйқышылдық ауруының" себебі әлі анықталмағанына халық наразы. "Аурудың себебін ешкім білмейді, ал адамдар ұйықтап қалып жатыр", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшылығы Калачи ауылының тұрғындары көшіріледі деген болатын. Лукьяненконың айтуынша, тұрғындарға сауалнама таратылған, көшу себебі тек селоның келешегі жоқ деп көрсетілген, ауру туралы бірде-бір сөз жоқ. "Тұрғындардың басым бөлігі оған қол қоюға қарсы, әр ауырған адамды мүгедек десе де болады", - дейді Лукьяненко.

Соңғы үш күнде ғана бұл ауылда алты адам "ұйқышылдық ауруына" шалдыққан. Калачи тұрғындары дәрігерлердің көмегіне өткен жылдың наурыз айынан бастап жүгінді. Олар ұйқы басып, естен айырылғандарын айтып шағымданған. Олардың бәріне "этиологиясы айқын емес энцефалопатия" диагнозы қойылды. Мыңдаған зерттеуге қарамастан, көптеген комиссия аурудың себебін анықтай алмады.

Айта кетейік, Калачи - Красногорск ауылдық округіне кіретін, 680 тұрғыны бар, бұрынғы Красногорск шахтерлер қалашығынан 600 метрде орналасқан ауыл. 60-90 жылдары бұл елді мекеннің қасында уран өндірілген болатын. Уран өндіретін шахталар Кеңес Одағы ыдарағаннан кейін 1991-1992 жылдары жабылды.

Еске сала кетейік, жақында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақмола облысындағы Калачи ауылы мен Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылдарының тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізуді тапсырған болатын.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети