06 қаңтар 2020 09:14

"Қалағандарыңды жариялаңдар". Атыраулық шенеунік көпбалалы аналармен дөрекі сөйлескен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Көпбалалы аналарға дөрекілік танытқан Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваға қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

"Хабиеваның азаматшалармен сөйлесу барысында мемлекеттік қызметкердің этикасын сақтамай, дөрекі сөйлескені анықталды. Арызданушылардың шағымы расталды", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Басылымның мәліметінше, алты баланың анасы шенеуніктің дөрекі сөйлесіп жатқан сәтін диктофонға жазып алған.

Бірақ Хабиева оған қатаң сөгіс жариялануына қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

"Не айтуым керек? Менің пікірім кімге керек? Қалағандарыңды жариялаңдар", - деді шенеунік басылым тілшісіне.

Нұрлы Хабиеваның бұл қызметке келгеніне 9 жылдан асыпты. Басылымның мәліметінше, оған қатысты шағымдар осыған дейін де болған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети