21 қаңтар 2023 14:43

Қалай миллионер атанамыз? Satty Zhuldyz лотереясының жеңімпаздарынан кеңестер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кез келген адам сиқырлы таяқтың көмегімен байып кетуді армандаған болуы мүмкін. Бірақ еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей демекші, арманыңа жету үшін еңбектену қажет. Бірақ өмірде күтпеген, таңғаларлық нәрселер болып тұрады және оған Satty Zhuldyz ұлттық лотереясының жеңімпаздары дәлел бола алады. Біз бұл жолғы материалымызда бағыңды сынап көру үшін қажет кеңестерді жинадық.


Кез келген адам сиқырлы таяқтың көмегімен байып кетуді армандаған болуы мүмкін. Бірақ еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей демекші, арманыңа жету үшін еңбектену қажет. Бірақ өмірде күтпеген, таңғаларлық нәрселер болып тұрады және оған Satty Zhuldyz ұлттық лотереясының жеңімпаздары дәлел бола алады. Біз бұл жолғы материалымызда бағыңды сынап көру үшін қажет кеңестерді жинадық.

~

Бір адам лотерея жеңіп алуды армандайтын. Ол Жаратқаннан көмек беруін сұрағанымен ештеңе шықпаған. Бір күні ол әдеттегідей қолын жайып, тілеген екен: "Құдайым, лотерея жеңіп алайыншы! Басқа адамдар жеңіп жатыр ғой. Сенің нең кетеді?!" деген кезде Жаратқан: "Лотерея билетін сатып ал енді!" деген екен.

~

Лотереяны ұтып алғандар осы анекдотты жиі еске алып, жеңіске жету үшін қатысу керегін, бірақ бәріне саналы түрде және белгілі бір ынтамен қарау керегін айтады! Мысалы "Сәтті Жұлдыздың" 5/36 лотереясынан былтыр 15 миллион теңге ұтып атыраулық жүргізуші Азамат үміт артып, сену керегін айтады. "Мен үш жыл қатысып, үмітімді үзбедім. Нәтижесінде қомақты сома ұтып алдым. Сіздерге де соны тілеймін", - дейді жеңімпаз.

Астаналық әуе аудиторы Сұлтан былтыр шілдеде TeleBingo-дан 5 миллион теңге ұтып алды. Ол қорықпай, таңғажайып нәрселер болатынына сену керегін айтады. "Егер ақшаңыз болса қатысып көріңіз, қорықпаңыз, міндетті түрде жолыңыз болады!", - дейді Сұлтан.

Берік есімді Ақтөбе тұрғыны көп жылдан бері таксопарктен көлікті жалға алып, жеке жүктасушы болып жұмыс істеген. Бос уақытында хобби ретінде Satty Zhuldyz-дан лотерея билетін сатып алатын. Алайда таяуда ол джекпот иесі атанды - ақтөбелік тұрғынның 5/36 лотереясындағы ұтысы 41 804 013 теңге болған. Ол лотереяға қатысуды енді бастаған және бұрыннан қатысып келе жатқан адамдарды қорқынышын жеңіп, бағын сынап көруге шақырады.

Ал Қызылорда тұрғыны Гүлнар жақында баспана ұтып алды. Оның сөзінше, лотереяға саналы түрде қарап, жұмсай алатын қаржыны ғана жұмсау қажет.

Әрине, лотереяны табыс көзі немесе инвестиция ретінде қарастыруға келмес. Тек аз-аздан бақ сынауға болады. Алайда еске сала кетейік, кез келген адам өзінің бағын сынап көре алады, Satty Zhuldyz 16 қаңтардан бастап "Миллионер әр апта сайын" науқанын бастаған болатын.

Науқан шарты қиын емес. Бар болғаны бір чекпен лотерея билеттері тізімінен 3000 теңгеден бастап сатып алу керек. Науқан 15 қаңтар мен 26 ақпан аралығында өтеді. Ақшалай сомадан бөлек, қатысушылар сыйлықтар ұтып ала алады - iPhone 14 немесе 50 мың теңгелік бес жүлде. Ең жолы болған қатысушы 1 млн теңге иесі атанады.

Ұтыс ойындары 22 қаңтар мен 26 ақпан аралығында өтеді. Әр жексенбі сайын сағат 19:45-те Satty Zhuldyz YouTube-арнасының тікелей эфирінде iPhone 14 және 50 мың теңгеден бес жүлде ұтысқа салынады. Ал 20:00-де "31 арнаның" эфирінде 1 миллион теңге ұтысқа салынбақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети