28 қаңтар 2014 13:35

Қалдықтарды пайдаланудың үлесі артпақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Утилизация мусора. ©РИА Новости Утилизация мусора. ©РИА Новости

Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қапаровтың мәлімдемесіне сүйене отырып Tengrinews.kz "елімізде "Жасыл" энергияны өндіру бағытында пайдаланылатын қалдықтардың үлесі 2020 жылы 5 пайыздан бастап, 2050 жылға қарай 30 пайызға дейін жеткізілмек" деп хабарлайды. Министрдің мәлімдеуінше, елімізде биоқалдықтарды жинау 2050 жылға қарай 80 пайызға дейін жеткізілмек. Бұл туралы Нұрлан Қапаров Үкімет отырысында "Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) басқару жүйесін жаңғырту" бағдарламасының жобасын таныстыру кезінде баса айтты. Аталмыш бағдарламаны жоспарлы орындау барысында тұрмыстық қалдықтарды қамту 2020 жылға қарай 90 пайызға дейін, ал 2035 жылға қарай 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал биоқалдықтарды жинауды 10 пайыздан бастап, жеке жинау көлемін 2050 жылға қарай 80 пайызға дейін жеткізу мақсаты көзделуде. "Бұған қоса бағдарламада қаптама қалдықтарын бөлектеп жинауды 2020 жылы 10 пайызғы межеден 2050 жылға қарай 80 пайызға дейін жеткізу қарастырылған" деді министр. Жалпы, санитарлық полигондардың үлесін арттыру аясында бағдарламада 2050 жылға қарай олардың көлемін 100 пайызға, сондай-ақ 2020 жылы санитарлық полигондармен қамтылу деңгейін 50 пайызға дейін жеткізу қарастырылған. Осылайша жиналған қалдықтардан "жасыл" энергияны өндіру үлесін арттыру маңызды көрсеткіш болмақ. Бұл тұрғыда биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу кезінде жылу мен электр энергиясын өндіру үшін газ шығаруға ерекше мән беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети