Қандыағаштағы жаппай улану оқиғасы: ауруханаға түскендер саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қандыағаштағы жаппай улану оқиғасы: ауруханаға түскендер саны артты Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысындағы жаппай уланудан кейін ауруханаға жатқызылғандар саны 113 адамға жетті. Олардың арасында 16 бала бар. Полиция қылмыстық іс қозғады, ал санитар дәрігерлер эпидемиологиялық зерттеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ақтөбе облысындағы жаппай уланудан кейін ауруханаға жатқызылғандар саны 113 адамға жетті. Олардың арасында 16 бала бар. Полиция қылмыстық іс қозғады, ал санитар дәрігерлер эпидемиологиялық зерттеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

23 маусымдағы жағдай бойынша ішек инфекциясы белгілерімен 113 адам медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылған. Пациенттер Мұғалжар аудандық ауруханасына және облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 16 бала бар.

"Аталған жағдайлар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметке шұғыл хабарламалар жіберіліп, бактериологиялық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алынды. Ауруханаға жатқызылған пациенттердің жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр, науқастардың бір бөлігінде оң динамика мен жағдайының жақсаруы байқалады", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомство мәліметінше, пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ауруханаларда қосымша төсек-орындар дайындалып, дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры жасақталған.

Оқиғаның кейбір мән-жайын санитар дәрігерлер айтып берді. Алдын ала мәлімет бойынша, ауырғандардың барлығы бір мейрамханаға барған, бірақ онда әртүрлі топтардың құрамында болған.

"Науқастар аталған мейрамханаға түрлі себептермен, соның ішінде салтанатты іс-шараларға, ас беру рәсімдеріне және басқа да көпшілік жиындарға қатысу үшін барған. Тексеру аясында мамандар барлық тағам өнімінен, сондай-ақ мейрамханадағы қоршаған орта нысандарынан сынамалар алып, зертханалық зерттеулерге жіберді. Мейрамхана қызметі мен оның қызметкерлері туралы ақпарат жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының құпиялығына байланысты жарияланбайды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Жаппай улану дерегі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 304-бабы (санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша соталды тергеуді бастады.

"Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның батысында тойдан кейін 100-ден астам адам ауруханаға түсті

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы мейрамханалардың біріне барғаннан кейін жүзден аса адамның улану белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны туралы жазған болатынбыз. Алғашқы пациенттер 19 маусымда медициналық көмекке жүгіне бастады. Қазір мамандар инфекция көзін анықтауы тиіс зертханалық зерттеулердің нәтижесін күтіп отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +36
Ақтау +27
Ақтөбе +21
Атырау +30
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +34
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +30
П
Павлодар +32
Петропавл +28
С
Семей +32
Т
Талдықорған +34
Тараз +37
Түркістан +28
О
Орал +27
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер