Қазақстанның батысында тойдан кейін 100-ден аса адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның батысында тойдан кейін 100-ден аса адам ауруханаға түсті Фото:depositphotos.com

Ақтөбе облысында тойдан кейін тұрғындар жаппай уланып қалған. Қандыағаштағы мейрамханалардың біріне барған 102 адам аурухана төсегіне таңылды. Мекеме жұмысы уақытша тоқтатылып, мамандар уланудың себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ақтөбе облысында тойдан кейін тұрғындар жаппай уланып қалған. Қандыағаштағы мейрамханалардың біріне барған 102 адам аурухана төсегіне таңылды. Мекеме жұмысы уақытша тоқтатылып, мамандар уланудың себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, ішек инфекциясының өршуі Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында тіркелген. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, алғашқы науқастар 19 маусымда медициналық көмекке жүгіне бастаған.

"Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы "Тұмар" мейрамханасына барған азаматтар арасында ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың 19 маусымынан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасына және облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасына ішек инфекциясы белгілерімен 102 науқас жатқызылды. Олардың 34-інде сальмонеллездің болу ықтималдығы тіркелді. Осы жағдайлар бойынша Ақтөбе облысының СЭБД-не шұғыл хабарлама жіберіліп, бактериологиялық зерттеу үшін материалдар алынды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде екені атап өтілді, пациенттерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Ресми деректер бойынша, жұмысты үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. Ауданға қосымша медициналық бригадалар жіберіліп, ауруханаларда науқастарға арналған орындар мен қажетті дәрі-дәрмек қоры дайындалды.

"Қазіргі уақытта сараптамамен бірге эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Тергеу аясында қоршаған ортадағы нысандардан тамақ өнімдерінің сынамалары алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын жүргізу мақсатында қоғамдық тамақтану нысанының қызметі мән-жай анықталғанша уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Қазір мамандар инфекцияның көзін анықтауы тиіс зертханалық зерттеулердің нәтижесін күтіп отыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +32
Ақтау +24
Ақтөбе +26
Атырау +26
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +32
П
Павлодар +33
Петропавл +30
С
Семей +31
Т
Талдықорған +32
Тараз +37
Түркістан +21
О
Орал +32
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер