01 ақпан 2021 17:41

Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы "Отбасы банк" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы "Отбасы банк" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері - 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы қуана хабарлаймыз! Отбасы Банк - біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз.

Ақша түскеннен кейін - жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 қаңтарда сағат 09.00-де зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау басталды.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын неге жұмсағысы келетіні белгілі болды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети