21 мамыр 2022 10:06

"Қаңтарда жарақат алған". Алматы Спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байсейітов 6 қаңтарда Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежінде жүргенде оқ жарақатын алған. Содан кейін шенеунікке операция жасалды.

Осыдан бері төрт айдан аса уақыт өтсе де, Рүстем Байсейітов жарақаты әлі күнге дейін мазалайтынын және жұмысына әсер етіп жатқанын айтып, сол үшін қызметтен кету туралы шешім жасаған. 

"Білектің қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру және оңалту курстарынан толық өту қажет болғандықтан, мен Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы қызметінен кетіп, өз денсаулығыммен айналысамын деп ұйғардым (...) Спорт - біздің өмір. Спорт менің өмірімде ерекше орын алады, қысқа оңалтудан кейін сіздермен тағы жолығамын деп үміттенемін, бірақ перспектива басқа болады. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын", - деп жазды Байсейітов Instagram-дағы парақшасында әріптестеріне, достарына және спорт әуесқойларына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустем Байсеитов (@rustembai)

Напомним, что 6 января кортеж акима Алматы направлялся к зданию городского акимата, когда по нему открыли огонь неизвестные. В результате погиб сотрудник муниципального телеканала "Алматы" - водитель Муратхан Базарбаев. Оператору телеканала Диаскену Байтибаеву пуля попала в руку, ему ампутировали два пальца.  Также ранения получили водитель акима Алматы и два сотрудника акимата: это руководители Управления спорта Рустем Байсеитов и Управления религии Нурлан Кикимов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети