Қапшағай әкімі даулы видеодан кейін өз қалауымен қызметінен кету туралы өтініш жазды

23 Қыркүйек 2016, 12:57
0
Қапшағай әкімі даулы видеодан кейін өз қалауымен қызметінен кету туралы өтініш жазды - Сәтжан Кикимов
Сәтжан Кикимов

Қапшағай әкімі даулы видеодан кейін ө қалауымен қызметінен кетуді ұйғарыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сәтжан Кикимов жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Алайда оны жұмыстан шығару-шығармау туралы мәселе дүйсенбіде шешіледі. Бүгін 11.00-де әкімнің келушілермен кездесуіне байланысты Этика жөніндегі кеңестің отырысы өтуі тиіс болған, бірақ отырыс кейінге қалдырылды, себебі ол өтініш жазды", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, осыған дейін даулы видеоның кейіпкері болған Қапшағай әкімі Сәтжан Кикимов оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен ол әрқашан да зор дауыспен сөйлейтінін және атышулы видеода ешкімнің ар-намысына тимегенін мәлімдеді. Бірақ ол халық арасындағы ер адаммен "сіз" деп емес, "сен" деп сөйлескенін қателік деп біледі екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай