18 шілде 2016 13:38

Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген қауесет жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген қауесетті теріске шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Қорғаныс министрлігіндегілер Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген қауесетті теріске шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген қауесет тараған болатын. "Бұл ақпарат расталмаған", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.

Одан кейін Алматыдағы ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимарат алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Сонымен қатар, атыс кезінде екі полицей жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Жараланғандардың бірі Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында жатыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта жеті полицей жансақтау бөлімінде жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети