Үшкемпіров көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматы әкімдігі мәліметінше, 26 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 6:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылынан бастап 5-ші бұрылыс көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Фото: Алматы әкімдігі
Сондай-ақ, осы жол бөлігінде 28 мамыр сағат 23:00-ден 29 мамыр сағат 06:00-ге дейін де шектеулер енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары кезінде аталған учаскеде ескерту жол белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайы көліктердің кіру сызбасын өзгерткенін жазған болатынбыз.