25 мамыр 2020 17:41

Қапшағайға жаңа əкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Қапшағай қаласына жаңа əкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Алматы облысының Қапшағай қаласына жаңа əкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Облыс əкімі Амандық Баталов қаланың жаңа əкімі Нұрлан Құматаевты таныстырды.
Ең алдымен қалалық мəслихаттың кезектен тыс 71-ші сессиясында депутаттармен кездесіп, Қапшағайды бұған дейін басқарған Талғат Қайнарбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа əкімнің кандидатурасы Президент Əкімшілігінің келісімімен ұсынылып отырғанын айтты.

Депутаттар жаңа кандидатураны бірауыздан қолдады.

Нұрлан Құматаев бұған дейін Іле ауданы əкімінің орынбасары болған. 

    Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

    Как вам дизайн сайта Tengri News?
    Пройти опрос
    Читайте также
    Join Telegram

    Валюта бағамы

     449.3   483   4.85 

     

    Ауа райы

     

    Редакция Жарнама
    Социальные сети