21 қазан 2021 17:26

Қар жауғаны үшін әйелді видеоға кешірім сұратқан әкімді жазалау ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Павлодар облысының Әдеп жөніндегі кеңесі жауған қарды түсірген әйелді видеоға кешірім сұратқан Баянауыл ауданы ауылының әкімі Самат Ибраевқа сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының Әдеп жөніндегі кеңесі жауған қарды түсірген әйелді видеоға кешірім сұратқан Баянауыл ауданы ауылының әкімі Самат Ибраевқа сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеуге желіде пайда болған видео себеп болған. Видеода Егіндібұлақ ауылының тұрғыны қазанда жауған қарды видео түсіргені үшін әкімнен кешірім сұрайды.

"Видеода Ибраев әйелге "себепсіз үйіңізді қар басып қалғанын және үйдің есігін аша алмай отырғаныңызды әлеуметтік желілерге жарияламаңыз" деп айтады. Кейін видеода тұрғын әрекеті үшін кешірім сұрайды. Ибраев әдеп кодексін бұзған, сыпайылық танытпай, этикалық кодексті бұзды", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар қаласы бойынша департаментінің бас маманы Азамат Жүнісов.

Әдеп жөніндегі кеңес әкім Ибраевтың әрекеті әлеуметтік желілерде ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарында да халық реакциясын тудырғанын айтты. 

Самат Ибраев ауыл тұрғынына қатысты ешқандай әдепсіздік жасамағанын мәлімдеді.

"Мен құзыретімнен шықтым деп ойламаймын. Иә, әйелдің келісімімен видео түсіріп, жұмыс ақпаратын аудан әкіміне ұсындым. Сондай-ақ, жұмыс чатына жіберген бұл ақпаратты желіге аудан әкімінің орынбасары таратқан", - деді Ибраев.
 

Алайда әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әкім этикалық нормаларды бұзды деп танып, оған сөгіс беруді ұсынды.

Еске салайық, Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны ауа райын видеоға түсіргені үшін, видео үндеу жолдап әкімнен кешірім сұрағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети