31 қаңтар 2014 13:08

Қар құрсауынан 457 адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысындағы құтқару жұмыстары ©Еmer.gov.kz Қостанай облысындағы құтқару жұмыстары ©Еmer.gov.kz

Қазақстанда бір тәулікте 457 адам 121 көлік қар құрсауынан құтқарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 30 қаңтар күні сағат 14.05 шамасында Қостанай облысындағы Арқалық - Амантоғай тас жолында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндіру қызметі 16 адам мінген бес жеңіл автокөлік құтқарылды. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Дәл осы күні Алматы облысында Үшарал - Достық автожолынан күртік қарға кептелген 13 жүк көлігі шығарылды. Ақтөбе облысында Самара - Шымкент тас жолының Әйтеке би мен Ырғыз аудандары аралығындағы тұсында алты машина жолда тұрып қалды. Жеті адам Қарабұтақ елді мекеніндегі орта мектепке дереу жеткізілді. Осы үлкен жолдың бойынан екі автобус, екі жүк көлігі мен бірнеше жеңіл көліктің тұрып қалғаны тағы анықталды. Автобустарда Өзбекстанның 130 азаматы болған. Олар түгел құтқарылды, жүк көліктерінің бірінің түркиялық жүргізушісі аяғын үсіріп алғандықтан, Хромтау ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Республика бойынша көліктердің ең көп тұрып қалған жолы - Ақтөбе - Атырау, төтенше жағдайлар қызметі 110-ға жуық машинаға көмекке барды. Оларда 200 адам болған. Жолаушылар қауіпсіз жерге түгел көшіріліп, көліктердің 30-дан астамы жолда қалдырылды. Құтқару жұмыстары Ақтөбе - Шалқар, Ақтөбе - Ор көлік жолдарында да жүргізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети