03 наурыз 2023 09:28

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Шалабековтың ісі қайта қаралды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков екі жылға сотталды. Ол қызметін асыра пайдаланып, баспана құрылысына бөлінген қаржының 120 миллион теңгені талан-таражға салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков екі жылға сотталды. Ол қызметін асыра пайдаланып, баспана құрылысына бөлінген қаржының 120 миллион теңгені талан-таражға салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Дегенмен тергеу абақтысында отырған уақыты ескерілген экс-шенеунік қоныс колониясында үш ай ғана жүретін болды.

Жақсылық Шалабеков айналдырған екі жылдың ішінде бір іс бойынша екі рет сотталып отыр. Алғашқысында ол бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылған. Тұрғын үй құрылысына бөлінген ақшадан 120 миллион теңгені құрылыс компаниясына заңсыз аударып жірегені үшін ол бір жарым жылға сотталды.

Экс-шенеуніктің тергеу абақтысында отырған уақыты ескеріліп, түрмеде алты күн отырып шыққан еді. Прокуратураның араласуымен Жоғарғы Сот бұл шешімнің күшін жойып, іс қайта тергелген.

Бұл жолы іс қызметін асыра пайдалану бабы бойынша жүрді. Сотталушы өзі үкіммен келіспей, өзін бақталастардың құрбаны болдым деп санайды. Оның айтуынша, құрылыс компаниясына жұмысты бастау үшін аванс төлеу - қалыпты тәжірибе. Ол қаражатты аудару шешімін "мен емес, комиссия қабылдады" дейді. Ал тергеу кесірінен баспана сол күйі салынбай қалған.

"Осы тергеуді өткізген мекеме ешқандай бөгет жасамағанда бұл күні сол үйлер тұрғызылатын еді. Кім тапсырғанын білемін, бірақ мен сіздерге оның кім екенін айта алмаймын. Бірақ өз уақытымен бәрінің беті ашылады ғой. Оны кім тапсырғанын білемін, ол адамдар әлі күнге дейін осы қызметін атқарып жатыр", - сотталушы Жақсылық Шалабеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети