Қарағанды фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды © Reuters

Қарағанды фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында "Гам-КОВИД-Гак" ("Спутник–V") вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның өңірлерге жеткізілуін тексерді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық фармацевтикалық кешенде вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі қысқа мерзімде жолға қойылды.

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріне "Гам-КОВИД-Гак" вакцинасының 90 мың дозасы жөнелтіледі.

"2021 жылы наурызда 150 мың дозасын өндіру жоспарланып отыр, ал сәуір айынан бастап 600 мың дозаға дейін жеткізіледі. Осылайша, халықты жоспарлы түрде COVID-19-ға қарсы вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етеміз.

"СҚ-Фармация" ЖШС мен Ресей тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) арасында жасалған өзара түсіністік туралы келісім аясында 2 миллион астам доза жеткізу, препарат сынақтың барлық сатысынан өткеннен кейін оны 5 миллион дозаға дейін арттыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети