29 қыркүйек 2018 09:41

Қарағанды қаласының әкімі автобуспен жүр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғындар Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровті таңертең автобустан байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі eKaraganda.kz сайтына сілтеме жасап. Қала басшысы басқа жолаушылармен бірге № 118 автобуста келе жатқан. Таңғалған тұрғындар оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. 

Қала әкімдігі қызметкерлерінің хабарлауынша, Нұрлан Әубәкіров таңғы сағат сегізде Сортировкадан 118-ші автобусқа отырып, шамамен бір жарым сағаттан кейін соңғы аялдамасы "Автостанция Юго-Востоктан" шыққан. Іші лық толған автобуста жүрген әкімнің қандай әсер алғанын біле алмадық. 

Нұрлан Әубәкіровтің таңдауы 118-ші маршрутқа кездейсоқ түспегені хабарланды. 1 қазаннан бастап бұл бағытта автобус қозғалысы өзгереді. Олар тек Сортировка мен Майқұдық арасында жүреді.

Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Нұрлан Әубәкіровке автобустардың санитарлық жағдайы мен жүйелі қозғалысын тексеру үшін қоғамдық көлікпен жүруді тапсырған. Облыс әкімінің жергілікті билік органдары жүргізген жұмыстарға көңілі толмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети