18 наурыз 2022 14:14

Қарағанды колониясында үш метрлік шұжықша оралған қамыр әзірленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды колониясында үш метрлік шұжықша оралған қамыр мен салмағы 57 килограмм болатын торт әзірленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды колониясында үш метрлік шұжықша оралған қамыр мен салмағы 57 килограмм болатын торт әзірленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АК-159/5 мекемесінің сотталған адамдары Наурыз қарсаңында 57 келілік торт пісірді. Оны әзірлеуге 150 жұмыртқа, бес келі қант, 12 литр сүт, 15 келі ұн және 3 келі май кеткен. 

Торттың ені - 1,40 метр, ұзындығы - 0,70 метр. Ал салмағы 57 550 граммға жетті. Торт осы мекемеде жазасын өтеп жатқан адамдарға мерекелік тарту болды.

АК-159/20 мекемесі тағы бір ерекше тағам дайындады. Колониядағы сотталған әйелдер үш метрлік шұжықша оралған қамыр әзірледі.

"Наурыз - жылу сыйлайтын отбасылық мереке. Біз шұжықшаға оралған қамыр дайындаймыз деп шештік, өйткені бұл біздің балалық шағымызда аналарымыз дайындап беретін ас еді", - дейді АК-159/20 мекемесінің сотталушысы.

 

Фото: Қарағанды облысы ІІБ жанындағы ҚАЖД  

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети