15 сәуір 2022 12:01

Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысын бөлу жоспары ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылатын Ұлытау облысына қандай қалалар мен аудандар кіретіні белгілі болды. Қарағанды облыстық мәслихатының XII, кезектен тыс сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыланды.

Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосу ұсынылды.

Қарағанды облысында Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары, сондай-ақ жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады.

"Облыста Ұлытау облысын құру бойынша әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу алгоритмі әзірленді. Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында 12-13 сәуірде жоғарыда аталған өңірлерді құрылатын Ұлытау облысының құрамына енгізу мәселесі бойынша мәслихаттардың қалалық және аудандық сессиялары өткізілді. Сессия қорытындысы бойынша тиісті бірлескен актілер алынды", - деп баяндады экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Оның айтуынша, өңірді бөлудің орындылығы туралы ғалымдардың оң қорытындысы алынды. Ғылыми сараптама Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жасалды.

Жүргізіліп жатқан қайта құрулар бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізілді.

Үкіметке Қарағанды облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныстар енгізілетін болады. Схемалық Карта жобалары әзірленді.

"Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері ескерілді", - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, 16 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Жезқазған қаласында орталығы бар жаңа Ұлытау облысын құру бастамасы туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети