31 наурыз 2020 09:27

Қарағанды облысында 2 сәуірден бастап карантин аймағына кіруге және шығуға тыйым салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысында 2 сәуірден бастап карантин аймағына кіруге және шығуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында 2 сәуірден бастап карантин аймағына кіруге және шығуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің өкімі бойынша бүгінгі күннен бастап коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 30 наурыздан бастап бес қалада - Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалаларында жекелеген шектеу шаралары бар карантин режимі енгізілді. Ал 2 сәуірде сағат 00.00-ден бастап адамдардың жоғарыда атап кеткен қалалардың карантиндік аймағына кіріп-шығуына тыйым салынады", - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, облыс әкімі 2 сәуірде сағат 00:00-ден бастап теміржол және автовокзалдардың, әуежайдың (арнайы рейстерді, жүк, пошта тасымалдарын және экипажы ауысатын техникалық тоқтауларды қоспағанда) қызметі уақытша тоқтатылатынын және қоғамдық көліктердің қозғалысы да шектелетінін айтып өтті.

"Облыста барлығы 592 адам тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында, тағы 514 адам үйлерінде оқшауланған. Тыныштықты сақтауды және белгіленген карантин режимін сақтауды сұраймын. Бұл ережелерді қаншалықты қатаң ұстансақ, үйреншікті және қалыпты өмірімізге қайта оралуымыз соған байланысты", - деді әкім үндеуінде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети