Қарағанды облысында 22 жастағы азамат депутат болып сайланды

27 Наурыз 2017, 19:07
0
Қарағанды облысында 22 жастағы азамат депутат болып сайланды -

Қарағанды облысында 22 жастағы азамат депутат болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комитетінің өкілдерінің айтуынша, ең жас депутат 22 жаста, ол Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы № 1 сайлау округінде сайланған. Ал ең үлкен депутат 64 жаста - Тараз қаласы мәслихатының № 22 сайлау округінде. Депутаттардың орташа жасы 46,5 жас екен.

Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес 26 наурызда республиканың 12 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 57 депутатты сайлау өтті. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 13 облыстық, 9 қалалық, 36 аудандық, 58 округтік, 355 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды.

Сайлау науқаны барысында барлығы 201 кандидат ұсынылды. Олардың 50-і облыстық, 32-сі - қалалық және 119-ы - аудандық мәслихаттарға дауысқа түсті.

62 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 139-ы - өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

"Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде 188 адамды тіркеді. Сайлау бюллетеньдеріне 170 кандидаттың тегі енгізілді. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады. 2017 жылғы 26 наурызда 330 сайлау учаскесінде дауыс беру өткізілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сайлаушылардың 77,83 пайызы дауыс берген. Дауыс беру қорытындыларына сай 12 облыстық, 9 қалалық және 36 аудандық мәслихат депутаты сайланды. Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың 398 сенім білдірген адамы, саяси партиялардың 289, қоғамдық бірлестіктердің 34 және БАҚ-тардың 51 өкілі жүзеге асырды.

Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында 46 (80,7 %) ер адам және 11 (19,3 %) әйел адам. Сайланған депутаттардың 54-нің (94,7 %) жоғары білімі бар, 3 (5,3 %) - арнаулы орта. 3 (5,3 %) - әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері. 28 (49,1 %) - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 20 (35,1 %) - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6 (10,5 %) - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері.

"Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Сайлау уақыты ішінде Ортсайлаукомға 3 өтініш келіп түсті. Оңтүстік Қазақстан облысының №11 сайлау округі бойынша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына өтетін сайлауда бір кандидат қалды. Сайлау заңнамасының кемінде 2 кандидаттың бәсекелестігі қағидатының сақталуына байланысты аталған округте сайлау болған жоқ. Бұл округте сайлауды өткізу туралы шешім республиканың сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданады", - дейді комиссия өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай