Қарағанды облысында кәсіпорын қызметкерін атып кетті

20 Қаңтар 2014, 15:04
0
Қарағанды облысында кәсіпорын қызметкерін атып кетті - Фото kuzbasseco.ru сайтынан
Фото kuzbasseco.ru сайтынан
Қарағанды облысында "Астана ТОО Қазақстан" отын-энергетикалық компаниясы қоймасының бастығы оқ жарақатынан қайтыс болды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Агенттікке ақпарат берген Шет ауданы прокуратурасының мәліметінше, 30 жастағы ер адам арқасына тиген оқтың жарақатынан ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

"Шет полиция бөлімінің жедел тергеу тобы оқиғаның ізін суытпай күдіктіні анықтай алды. Күдік бойынша 38 жастағы депо кезекшісі ұсталды. Ол депо кіреберісінде қойма бастығымен жанжалдасып қалғанын, содан кейін аңшы мылтығымен оның ту сыртынан екі рет оқ атқанын мойындады", - дейді прокуратура өкілдері.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, өткен желтоқсан айында Қарағандыда "Абсолют продакшн" серіктестігінің аумағынан оқ жарақатынан қаза тапқан күзетшінің мәйіті табылған еді. Прокуратураның мәліметінше, 21 жастағы Ринат Меңғалиев шолақ мылтықпен өзін өзі иек астынан атқан.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай