27 қыркүйек 2022 10:10

Қарағанды облысында қайтыс болған баланың ата-анасы дәрігерлерді айыптады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарқаралыдағы ауруханада сегіз айлық сәби көз жұмды. Ата-ана дәрігерлерді дер кезінде білікті көмек көрсетпегені үшін кінәлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарқаралыдағы ауруханада сегіз айлық сәби көз жұмды. Ата-ана дәрігерлерді дер кезінде білікті көмек көрсетпегені үшін кінәлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 қыркүйекте сегіз айлық Ибрагим құсып, дене қызуы көтеріліп, іші өткен. Ата-анасының айтуынша, олар аудандық ауруханаға барған, бірақ оларға тек дәрі-дәрмек жазып беріп, жағдайы нашарласа ғана хабарласуларын сұраған. Екі күннен кейін бала жедел жәрдем көлігімен Қарқаралы аудандық ауруханасына жеткізілген.

Баланың тәтесі бала нашарлағаннан кейін дабыл қағып, жергілікті дәрігерлерден жедел жәрдем тікұшағын шақырып, нәрестені Қарағандыдағы облыстық емханаға жіберуді сұрағанын айтады.

"Медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеді. 8 айлық балаға тікұшақ берілсе, 40 минутта жететін еді. Бірақ олар 4 сағат жүретін көлікті берді", - дейді ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қарқаралылық дәрігерлер санитарлық авиацияны сұрағанын мәлімдеді. Бірақ бала тасымалдауға жарамсыз болған. Қарағандыдан бірнеше маман келді. Бірақ олар балаға көмектесе алмай, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде тергеу басталды.

"Алдын ала сот-медициналық сараптама анықталмаған екі жақты пневмония диагнозын қойды. Денсаулық сақтау басқармасының қорытындысы бойынша "жедел ішек инфекциясы" диагнозы қойылған", - дейді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлім меңгерушісі Ольга Смирнова. 

Бөлімшедегілер диарея, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілердің пневмонияның салдары болуы мүмкін екенін және олар Қарқаралы дәрігерлеріне хабарлауы керек екенін айтады. Балалардағы вирустық инфекциялар ішек инфекцияларына айналуы мүмкін. Алғашқы қабылдауда баланы егжей-тегжейлі тексеру үшін ауруханада қалдыру керек еді.

Баланың тәтесі туыстарының полицияға арыз жазғанын атап өтті. Сегіз айлық Ибрагим Айдархан туған ауылы Қарағайлыда жерленді. Отбасы әділ тергеуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети