13 наурыз 2021 11:16

Қарағанды облысында үш жүзден аса кенші шахтада қаза бола жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарандағы шахтада алапат өрт болды. Өрт 500 метр тереңнен шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап. 


Сарандағы шахтада алапат өрт болды. Өрт 500 метр тереңнен шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Жер астында үш жүзден аса кенші болған. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Адамдар уақытылы эвакуацияланды. Өртті сөндіруге бір тәулікке жуық уақыт қажет болды. Болжамдардың бірі бойынша, конвейер жанып кеткен. Төтенше жағдай салдарынан көмір кәсіпорнының жұмысы тоқтап тұр.

Өрттің себебін арнайы комиссия анықтайды.

"Бізде себептердің екі нұсқасы бар - экзогендік немесе эндогендік өрт. Эндогендік деген - ішкі өрт. Ол көмір жанғанда болады. Сондай-ақ, экзогендік фактор да тексеріледі. Бұл сыртқы көздердің әсерінен болады. Өрттің екі нұсқасы да қаралады", - деді Қазақстан ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Кеңгірбай Есенеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети