01 сәуір 2024 10:53

Қарағанды ​​облысындағы атыс: күдіктілер ұсталған видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қарағанды облысында көшеде атыс шығарғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында көшеде атыс шығарғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін полиция атыс кезінде ер адамның жарақат алуына қатысты тергеуді бастаған болатын. Оқиға Ағадыр ауылында болған. Атыс болған сәттен видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Қару асынған ер адам видеоға түсіп қалған болатын.

"Ақадыр кентінің тұрғынына қатысты 28-47 жас аралығындағы төрт ер адам атыс қаруын қолданып кісі өлтіруге оқталу күдігі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Фото және видео Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети