Қарағанды облысындағы шахтада кенші өлі табылды

18 Қараша, 09:18
0
Қарағанды облысындағы шахтада кенші өлі табылды - Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов
Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысындағы "Казахстанская" шахтасында кенші өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АрселорМиталл Теміртау" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 қарашада "Казахстанская" қазандық шахтасының шебері көз жұмған. Әзірше өлім себебі белгісіз. Іс бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, тергеу амалдары басталды. 

Еске салайық, дәл осындай оқиға 8 қарашада Қарағанды облысындағы "Саранская" шахтасында болған. "АрселорМиталл Темиртау" хабарлауынша, қызметкердің қайтыс болуы жазатайым оқиға болған. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, болған оқиға жайлы жедел түрде тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымы хабардар етілді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай