Қарағанды облысының Ақтас ауылында жоғалған балалар табылды

07 Шілде 2016, 17:20
0
Қарағанды облысының Ақтас ауылында жоғалған балалар табылды -

Қарағанды облысының Ақтас ауылында жоғалған балаларды полицейлер Қарағанды қаласынан тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақарыс Тілеуке мен Аян Мединов қаланың Гапеев көшесінде табылған. Олардың бұл жерде не істеп жүргенін полицейлер анықтау үстінде. "Жедел-іздестіру шараларының барысында криминалдық полицияның қызметкерлері екі баланы Қарағанды қаласынан тапты. Мән-жайы анықталып жатыр. Олардың денсаулығы жақсы", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Еске салайық, 11 жастағы Ақарыс Тілеуке мен 10 жастағы Аян Мединов 6 шілдеде Қарағанды облысы Ақтас ауылында жоғалған. Еріктілердің мәліметінше, балалардың жоғалғаны туралы хабарды полицияға әкесі берген. Балалар түске дейінгі уақытта ойнап жүріп, кетіп қалған. Осыдан кейін оларды ешкім көрмеген.  

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай