20 сәуір 2017 09:24

Қарағандыда 7 қыздан кейін ұлды болған ата-ана отбасы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда Зәмзәгүл Мамалинова мен Думан Оспанов жеті қыздан кейін ұлды болды. Ұлға Нұртілеу деген есім берілді. Тұңғыш қыз 25 жаста, ал кішісі екіде екен. Бұл туралы eKaraganda сайты хабарлады. 


Қарағандыда Зәмзәгүл Мамалинова мен Думан Оспанов жеті қыздан кейін ұлды болды. Ұлға Нұртілеу деген есім берілді. Тұңғыш қыз 25 жаста, ал кішісі екіде екен. Бұл туралы eKaraganda сайты хабарлады. 

"Алтын алқа" иегері, 42 жастағы әйел некеге тұрғанда көпбалалы ана болу туралы ойламағанын да айтады. Бастапқыда ұл бала тапқысы келіпті. Алайда 25 жыл бойы тек қыз бала тауыпты. Үлкен екі қызы жоғары білім алған. Тұңғышы педагог-психолог болса, екіншісі теміржолға жұмысқа тұрыпты. Үшінші қыз қазіргі уақытта медициналық колледже оқып жатыр. Кіші қыздары домбыра үйреніп, ағылшын тілін меңгеріп жүр екен. 

Көпбалалы ана болғанына қарамастан, Зәмзәгүлдің екі жоғары білімі (филология және заң) мен он жылдан аса еңбек өтілі бар. Қазіргі таңда әйел тағы да декретке шыққан. Күйеуі "Қарағанды Суда" шебер. 

Ата-ана көп күткен соң ұлды болғанына ерекше қуанышты екенін айтып отыр. Әпкелері де жалғыз ұлды қатты жақсы көреді.

"Бұл күйеуімнің және өзімнің арманым болды. Біз қазақ отбасымыз", - дейді әйел. Қазір Оспановтар әулеті туыстарынан жалға алған үш бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Отбасының баспанаға кезекте тұрғанына 10 жылдан асыпты. Алғашқы кезде көпбалалы отбасы өз үйінде тұрып келген, алайда жағдайының нашарлығына байланысты арзанға сатып жіберіпті. 


© ekaraganda.kz

Зәмзәгүлдің айтуынша, күйеуі мен өзі тұрмыстық қиындықтардан қорықпаған. Қандай қиындық болса да, үлкен қыздары оқытып, дұрыс жолға салғаны үшін ата-анасына риза. 

"Жарты жолдан бір-бірімізді тастап кетпей, әрқашан алға жетелейміз деп сеніп келдім. Балалардың бойына сана, қайырымдылық пен адамгершілік ұйытуға тырыстық. Бір-бірін де, үлкенді де құрметтеп, өз халқының рухани құндылықтарын сақтасын деп өсірдік", - дейді әйел.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети