13 желтоқсан 2023 09:40

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: кінәлілерге қандай жаза қарастырылған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/pmsu_deti Фото:instagram.com/pmsu_deti

Қарағандыдағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында балалардың жаппай улану оқиғасын облыстық прокуратура тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыдағы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында балалардың жаппай улану оқиғасын облыстық прокуратура тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында қылмыстық іс санитарлық нормаларды бұзу бабы бойынша тергеліп жатқаны айтылған.

"Қарағанды ​​облысының прокуратурасы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына қатысты балалардың улануы бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөлігі "Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген

Қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөлігінде үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл жаза, егер кінәлінің әрекеті екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса, қарастырылады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объектив тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп қосты Бас прокуратура.

Еске салайық, тамызда орталықта 12 бала уланып, ауруханаға түскен. Сол кезде бір бала қайтыс болды, кейінірек орталықтың тағы бір тәрбиеленушісі ауруханада көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети