23 қазан 2020 13:41

Қарағандыда қасақана базар өртеді деген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда екі күдікті ұрлық жасағандарын жасыру үшін қасақана өрт ұйымдастырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағандыда екі күдікті ұрлық жасағандарын жасыру үшін қасақана өрт ұйымдастырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні түнде Қарағанды қаласындағы "Арай" базарындағы контейнерлердің бірінен өрт шыққан. Өрт тез өршіп, жалын қасындағы контейнерлерді шарпыған. Салдарынан 14 контейнер өртеніп, жалпы көлемі 200 шаршы метр аумақ зардап шеккен.

Полиция қызметкерлері техникалық сараптама қорытындысы бойынша өртті қасақана біреудің ұйымдастырғанын анықтады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-тармағына (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қылмысты ашу мақсатында Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

22 қазанда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 және 51 жастағы екі ер адамды анықтады.

Полиция қызметкерлері Ақмола облысының тұрғыны болып табылатын бірінші күдіктіні  Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінен ұстаса, Шахтинск қаласының тұрғыны болып табылатын екінші күдіктіні Қарағанды қаласында қолға түсірді. Олар өртті осыған дейін жасаған ұрлық фактісінің ізін жасыру үшін ұйымдастырғандарын мойындады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети