24 сәуір 2017 12:34

Қарағандыда Қазыбек би туралы ғылыми мақалалар жинағы жарыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазыбек би Қазыбек би

2017 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды қаласында "Нұр Отан партиясының ғимаратында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қазақ руханиятының көрнекті өкілі Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасына сілтеме жасап.


2017 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды қаласында "Нұр Отан партиясының ғимаратында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қазақ руханиятының көрнекті өкілі Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған "Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Конференцияға есімі республикаға кеңінен танымал әдебиеттанушы, тілші, тарихшы ғалымдар, сондай-ақ, облыстағы тіл жанашырлары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. 

Республика бойынша және облыстың әр өңірінен келіп түскен 120-дан астам материалдың барлығы сараланып, 76 ғылыми мақала арнайы жинақ болып топтастырылып, жарыққа шықты. Конференция жұмысының алдында Қазыбек би бабамыздың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүл шоғын қою рәсіміне қоғам қайраткерлері және жас буын өкілдері қатысты.


Алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің "Қаз дауысты Қазыбек би және билер соты", филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Нығметоллаұлы Негимовтің "Қазақ мәдениеті тарихындағы Қаздауысты Қазыбек би тұлғасы", тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл ОмарұлыАртықбаевтың "Қазақ хандығының басқару жүйесі және Қаз дауысты Қазыбек би", филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Алтайұлы Жақыповтың "Қаз дауысты Қазыбек би сөзінің күші (тіл суггестиясын пайымдау)", филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлдың "Қазақ би-шешендер мұрасының зерттелуі", филология ғылымдарының докторы, профессор Берік Серікбайұлы Рахымовтың "Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік өнер шежіресі", қоғам қайраткері Мұрат Шәуенұлы Нұрақышевтың "Ұлыс биі Қаз дауысты Қазыбек және Арқада қалыптасқан билік жүйесі" тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.


Алқа мәжілісі аяқталған соң конференция жұмысы 3 секция бойынша жалғасты. "Билер философиясы: ұлт дүниетанымы мен руханияты" секциясы бойынша Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кәмшат Аманбайқызы Төлеубаева, "Шешендік өнер және тіл мәселесі" секциясы бойынша Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Жаңбырбай Ахметұлы Қағазбаев және "Қаз дауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны" секциясы бойынша тарихшы, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Темірғали Тілеубекұлы Аршабековжетекшілік етті.

Тілдерді дамыту басқармасындағылардың айтуынша, ауқымды шараны өткізудегі мақсат - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ руханиятындағы тарихи тұлғасын дәріптеу, рухани мол мұрасын зерттеу, шешендік өнерді өскелең ұрпаққа насихаттау.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети