22 қазан 2022 08:52

Қарағандыда колония қабырғасына Димаш Құдайбергеннің муралы салынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда колония қабырғасына Димаш Құдайбергеннің муралы салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда колония қабырғасына Димаш Құдайбергеннің муралы салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі №33 түзеу мекемесінің клубында 3 метрлік қабырғаға қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қабырға суреті салынды. Осылайша, Қарағанды ​​колониясында жазасын өтеп жатқан суретші талантымен мекеме басшылығын тағы таңғалдырды. Жазасын өтеуші Республика күніне орай әлемге әйгілі қазақ әншісінің портретін салғысы келген екен.

Колония әкімшілігі оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз еткен.

"Түрмеде отырып, шығармашылық қызметімді дамытуға көбірек уақыт бөле бастадым. Сурет салғанда уақыт мен үшін елеусіз өтеді, қиындықтар мен уайымдарды ұмытамын. Сурет салу мен үшін жай ғана хобби емес, өмірімнің бір бөлігі", - деді сотталушы.

Енді Димаш Құдайбергеннің портреті мекеменің акт залындағы сахнаның алдыңғы қабырғасына сән беріп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети